Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы «Номадты» сынағандарға жауап берді

Бокс
Жекпе-жек
Getty Images
UFC жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Генри Хуфт қазақстандық файтерге қатысты айтылған сындарға жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Жанкүйерлер Рахмоновтың Джефф Нилге қарсы жекпе-жекте тым көп соққы өткізіп алғанын және басын қозғалтпайтынын сынға алған. «Білесің бе, адамдар әрқашан бірдеңеге тиіседі. Сен 19-0 көрсеткішпен, оның ішінде 18 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіспен келе аласың, бірақ біреу саған екі рет дәл соққы жасаса — бәрі: “Сенде бас қозғалысы жоқ” дей салады. Ал бұрынғы 18 жекпе-жекте не болды? Шавкат мықты, әрі барлық жағынан жақсы. Иә, Джефф Нил кейде дөп түсірді, бірақ қиындық болды ма? Жоқ. Соңында не болғанын өзің көрдің ғой!» — деді Хуфт.
Камару Усманға қарсы мүмкін жекпе-жек жайлы да пікір білдірген жаттықтырушы кәсіби ұстанымын атап өтті:
«Егер менің екі шәкіртім бір-бірімен кездесетін болса — бұл біздің бәрін дұрыс істеп жатқанымыздың белгісі. Бірақ олар бір-бірімен төбелессе, мен шетке шығамын. Бір бұрышты таңдамаймын. Бұл — қалыпты жағдай», — деді Хуфт.