«Астанаға» Конференциялар лигасындағы қарсыласқа байланысты ескерту жасалды

Футбол
fcastana.kz
Қазақстандық танымал футбол маманы Асқар Қожабергенов Sports.kz сайтына берген сұхбатында «Астана» мен Молдованың «Зимбру» клубы арасындағы екінші іріктеу кезеңіндегі матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
— «Астана» өз қарсыласынан мықты. Команданың негізгі құрамы бірнеше жылдан бері бірге ойнап келеді, Еурокубоктарда тәжірибесі бар, өз ойыны қалыптасқан. Бұл матчтарға жақсы формада келу маңызды болады. Қарсылас кезеңінен өту керек. Бірақ ешбір жағдайда молдован клубын менсінбей қарауға болмайды. Өткен маусымда «Петрокубтың» «Ордабасыны» жарыстан шығарғанын ұмытпау керек, – деді Қожабергенов.
Айта кетейік, бұл екі ойын 24 және 31 шілде күндері өтеді.
Сондай-ақ, жаңа еурокубок маусымында Қазақстаннан тағы үш клуб өнер көрсетеді:
«Қайрат» – Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпиясымен» кездеседі;
«Ақтөбе» – Еуропа лигасының 1-раундында Польшаның «Легиясына» қарсы ойнайды;
«Ордабасы» – Конференциялар лигасының алғашқы кезеңінде Грузияның «Торпедо» клубымен ойнайды.