Зарина Диас ресейлік теннисшіні жеңіп, Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Зарина Диас ресейлік теннисшіні жеңіп, Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис

ktf.kz

Қазақстандық Зарина Диас Испанияда өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты SPORT+-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Диас ресейлік Полина Яценконы жеңді. Қарсыласы есеп 6:3, 2:0 болғанда матчтан бас тартты.

Жартылай финалда Зарина финал жолдамасы үшін жапониялық Хироми Абемен кездеседі.