«Елімай» маңызды қорғаушысынан айырылды – Жумаханов «Тұранға» қарсы ойнамайды

Футбол
«Елімай» ФК
«Елімай» командасы алдағы Қазақстан Премьер-Лигасының (КПЛ) 13-турындағы «Тұранға» қарсы матчта маңызды ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
22 жастағы қорғаушы Әділбек Жұмаханов бұл ойында командасына көмектесе алмайды. Ол «Ордабасыға» қарсы 12-турда (1:1) сары қағаз алып, маусымдағы төртінші ескертуін жинады. Ережеге сәйкес, ол келесі матчты өткізіп жібереді.
Жалпы, Жұмаханов биылғы маусымда 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.