ҚПЛ клубы 200 миллион тұратын жас ойыншыдан айырылды

ҚПЛ клубы 200 миллион тұратын жас ойыншыдан айырылды
Футбол

ҚФФ

Қазақстандық жас шабуылшы Даулет Орынбасар бүгінде «Қайраттың» намысын қорғап жүр, алайда ол кезінде «Тұранның» сапында ойнаған. Бұл туралы клубтың бұрынғы медиа-офицері Арман Пірманов «Күнгей.кз» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

- «Қазір ЦСКА мен «Хайдук» арасында тартысқа түскен жас ойыншы Даулет Орынбасар бұрын «Тұранда» ойнады ма?» - деген сұраққа ол былай жауап берді:

«Иә, ол бізде бомбардир болды. Ол кезде небәрі 13 жаста еді. Мен «Тұран» президентіне: «Мына баламен келісімшартқа отыршы, жіберме», — деп айтқанмын. Бірақ ол күлді. Өйткені бала арық еді, дене бітіміне қарап мән бермеді. Ал біз оның мүмкіндігін жақсы білетінбіз. Енді қараңыз, «Қайрат» оны 150-200 миллион теңгеге сата алады. Бір жағынан жақсы да, өйткені «Тұранда» ол өспей қалуы мүмкін еді», — деді Пірманов.

Бұған дейін шетелдік бірнеше клубтың «Қайратқа» трансферлік ұсыныс жасағаны хабарланған.