UFC ұйымына өтуі мүмкін қазақстандық файтерлер белгілі болды

UFC ұйымына өтуі мүмкін қазақстандық файтерлер белгілі болды
Жекпе-жек

UFC

Қазақстандық ММА лигасы — Octagon президенті Нураддин Садықов еліміздің UFC-дегі болашағы зор спортшылары туралы пікір білдірді. Бұл туралы Bassport.kz Azamat Sport YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

— «Қай қазақстандық спортшылардың UFC қатарына қосылуы мүмкін?» деген сұраққа жауап берген Садыков былай деді:

«Аян Тұрсынға қатысты нақты айтсам, соңғы жекпе-жекке дейін бәрі өте жақын болды. Бірақ соңғы нәтижеден кейін бұл мәселе кейінге шегерілді. Ал жігіттерге келсек, стильдік жағынан Сүндет Айтқұлдың мүмкіндігі жоғары. Ол өте көрерменге қызықты, барлық 10 жеңісін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қырғызстандық Руслан Касымалы уулунун да мүмкіндігі бар. Саят Абдуәли туралы көп айтылады, бірақ меніңше, оған әлі ерте. Абай Жалалдың да мүмкіндігі бар».

Қазіргі таңда UFC ұйымында Қазақстан атынан 6 спортшы өнер көрсетуде: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Максум, Бекзат Алмахан, Николай Веретенников және Дияр Нұрғожай.

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов та UFC-де өнер көрсеткен.