Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мемориалында күміс жүлде алды
Қысқы спорт
ҰОК
Астанада өтіп жатқан Денис Тен мемориалында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының өкілі Софья Самоделкина күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы алғанда спортшы қыз 189,67 ұпай иеленді. Бұл нәтиже оның екінші орын алуына мүмкіндік берді.
Бірінші орынды 195, 91 ұпаймен грузиялық Анастасия Губанова алса, үшінші орын италиялық Лара Гутманға бұйырды. Ол 188,86 ұпай алды.