Алғашқы медаль: Ербол Хамитов - Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Алғашқы медаль: Ербол Хамитов - Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Қысқы спорт

Ербол Хамитов. Сурет: ҚР ҰПК баспасөз қызметі

Милан мен Кортинада өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Пара шаңғы жарысында бақ сынаған отандасымыз Ербол Хамитов (LW12) 1500 метрге классикалық спринт жарысында 2 минут 29 секунд уақыт көрсеткішін тіркеп, мәре сызығын үшінші болып кесті. 

Осылайша, Ербол Хамитов Италиядағы XIV қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.