Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әжғалиев пен Никиша құрамда, Канадада тағы кімдер бақ сынайды
Қысқы спорт
Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Канаданың Монреаль қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде еліміздің намысын тоғыз спортшы қорғайды. Атап айтқанда, әлем чемпионатында Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Насен, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Ольга Тихонова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 13-15 наурыз аралығында өтеді.