Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының финалына жолдама алды
Қысқы спорт
Ербол Хамитов. Сурет: ҚР ҰПК баспасөз қызметі
Милан мен Кортинада өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарының пара шаңғы жарысында бақ сынаған Ербол Хамитов финалға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз LW12 санатында 1500 метрге классикалық спринт жарысында 2:38.1 уақыт көрсеткішімен, жартылай финалдағы өз тобында бірінші орын алды. Осылайша, Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының финалында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Жарыстың финалы Астана уақытымен сағат 17:29-да басталады.