“Қайсар” оқу-жаттығу жиынына аттанды

ФК “Қайсар”
Қасқырлар жаңа маусымға дайындығын пысықтау үшін Түркияға аттанды, деп хабарлайды BasSport.kz, клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға шақырту алған футболшылардың басым бөлігі жергілікті ойыншылар. Анталиядағы дайындық жұмыстарына шақырту алған ойыншылар құрамы төмендегідей:
Қақпашылар: Степан Сикач, Нұрымжан Салайдин, Нұрмат Сарсенов, Айқын Ажихан;
Қорғаушылар: Абылайхан Төлегенов, Әділет Кеңесбек, Қуаныш Қалмұратов, Йован Пайович, Руслан Юденков, Ринат Ақберген, Темірлан Мұрзағалиев, Азамат Серікбаев;
Жартылай қорғаушылар: Думан Нәрзілдаев, Дидар Жалмұқан, Мағжан Бауыржан, Бекзат Құрманбекұлы, Нұрдәулет Әмірбек, Мақсат Әбжами, Дінмұхаммед Рүстемұлы, Василий Совпель, Саят Бақтыбай, Горан Милойко;
Шабуылшылар: Өркен Махан, Ерсұлтан Төреқұл, Марлен Айманов, Айбар Жақсылықов, Шохназар Норбеков, Елжас Алтынбеков, Нұрдәулет Ағзамбаев.