УЕФА «Қайраттың» 18 жасар қақпашысын үздіктер қатарына қосты

Футбол
Қайрат ФК
УЕФА Чемпиондар лигасының инстаграм ресми парақшасы турдың ең үздік сейвтерін ұсынды. Бұл тізімге алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза да енді.
Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесудің алғашқы таймында жас қақпашы Килиан Мбаппенің қауіпті соққысын керемет сейвпен қайтарып, жанкүйерлерді тәнті етті.
Үздік сейв авторлары қатарында Қалмырзадан бөлек «Галатасарай» қақпашысы Угурджан Чакыр, «Челсидің» Роберт Санчес және «Аякстың» Витезслав Ярошы бар.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч 0:5 есебімен испандық клубтың жеңісімен аяқталды.