«Қайрат» «Реалға» қарсы бастапқы құрамын жариялады

Футбол
Қайрат ФК
Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда мадридтік «Реалға» қарсы ойында алаңға шығатын бастапқы құрамды жариялады.
Тарихи кездесуде алаңға шығатындар: Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Мрынский, Касабулат, Арад, Громыко, Жоржиньо және Сәтпаев.
Бұған дейін «Қайрат» алғашқы турда лиссабондық «Спортингтен» (1:4) ұтылған болатын. Ал «Реал» өз кезегінде «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, алдағы уақытта сары-қаралар «Арсенал», «Интер», «Брюгге», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Пафоспен» сынға түседі.