Желтоқсанда IBA ұйымдастыруымен ерлер арасында әлем чемпионаты өтеді

Бокс
Olympic.kz
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ерлер арасындағы әлем чемпионатын 2025 жылдың 3-13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы белгілі спорт журналисі Уалихан Қосанбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, соңғы әлем біріншілігі 2023 жылы Ташкентте ұйымдастырылып, оған 110 мемлекеттен спортшылар қатысқан. Ол кезде жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақы табысталды:
- 1-орын – 200 мың доллар,
- 2-орын – 100 мың доллар,
- 3-орын – 50 мың доллар.
Биылғы әлем чемпионатында жүлде қоры айтарлықтай артуы мүмкін. Кейбір деректерге сүйенсек, сыйақылардың көлемі екі есеге дейін көбеюі ықтимал.