Сәкен Бибосыновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Сәкен Бибосыновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Бокс

Ашық дереккөзінен

Қазақстандық боксшы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. 

Ол Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін бокс кешінде жергілікті спортшы Әділет Качкынбековпен жұдырықтасады. Жекпе-жек 25–26 қазан күндері Saikou Lush промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін турнир аясында жоспарланған. 

Айта кетейік, Бибосынов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетіп, үлкен спорттық мансабын сәтті бастаған еді.