Килиан Мбаппе Қазақстандағы сапары мен «Қайратпен» ойыны жайлы пікір білдірді

Футбол
globallookpress.com
Алматыда өткен Чемпиондар лигасының ойынынан кейін мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе өз әсерімен бөлісті.
Орталық стадионда өткен матчта испандық клуб «Қайратты» 5:0 есебімен тізе бүктірді. Үш гол соғып, хет-трик жасаған Мбаппе кездесудің басты кейіпкері атанды. Француз футболшысы Қазақстанға бұрын да келгенін, бірақ клубтық деңгейде алғаш рет ойнағанын атап өтті:
— «Қайрат» өте қарқынды және тәжірибелі команда. Мұндай ұжымның Чемпиондар лигасында ойнауы — турнирдің ашықтығын көрсетеді. Бұл тек алып клубтар үшін емес, өз деңгейін дәлелдеген әрбір команда үшін арналған майдан. Қазақстанға қайта оралғаныма қуаныштымын. Атмосфера ерекше болды, жанкүйерлердің қолдауы да керемет әсер қалдырды», — деді ол.
Сонымен қатар, Мбаппе өзінің Чемпиондар лигасындағы 60-шы голына да тоқталды:
— «Бұл көрсеткішпен мақтанамын. Дегенмен, менен жоғары тұрғандар көп, сондықтан тоқтап қалмай, көбірек гол соғуым қажет. Ең бастысы — командаға көмектесу. Біз үшін дербидегі жеңілістен кейін қайтадан жеңіске жетіп, Мадридке үш ұпаймен оралу өте маңызды болды», — деді француз шабуылшысы УЕФА-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Мбаппе Қазақстандағы сапарын жылы ықыласпен бағалап, жергілікті жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.