Алматы әкімі әлем чемпионатында жүлдегер болған спортшыларға 130 млн теңге табыстады

Алматы әкімі әлем чемпионатында жүлдегер болған спортшыларға 130 млн теңге табыстады
Бокс

Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокс пен күрестен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларды қабылдады.

Кездесу барысында қала басшысы спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өтіп, олардың бапкерлеріне алғысын білдірді. 

Әкімнің қолынан спортшылар мен жеке жаттықтырушыларға алғыс хат пен ақшалай сертификат табысталды. 

Марапат сомалары төмендегідей белгіленді:

- Алуа Балқыбекова – 40 млн теңге

- Назым Қызайбай – 30 млн теңге

- Елдана Талипова – 20 млн теңге

- Виктория Графеева – 20 млн теңге

- Нұрқожа Қайпанов – 20 млн теңге

Айта кетейік, аталған спортшылар 2025 жылғы әлем чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел мерейін асқақтатты.

Бокстан Алуа Балқыбекова алтын медаль иегері атанса, Назым Қызайбай күміс жүлдені жеңіп алды. Ал Елдана Талипова және Виктория Графеева қола медаль еншіледі. Сондай-ақ күрес түрлерінен өткен әлем біріншілігінде Нұрқожа Қайпанов үздік үштікті толықтырды.