Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет World Junior Tennis іріктеу финалына шықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет World Junior Tennis іріктеу финалына шықты
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер теннис құрамасы тарихта алғаш рет World Junior Tennis Competition іріктеу турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Азия/Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу кезеңі Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатыр. Финалға шыққан командалар белгілі болды.

Бәсекенің алғашқы ойыны тартысқа толы болды. Бексұлтан Бауыржанов төрт сағатқа созылған тартысты матчта Йен Ценгке 4:6, 6:4, 6:7 (4:7) есебімен есе жіберді. Алайда екінші матчта Ахмади Маханов есепті теңестіріп, Хуан Цайды сенімді түрде 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Алайда шешуші жұптық сында Жеткербай мен Маханов дуэті жеңіске жетіп, ел намысын қорғаған команданы финалға алып шықты.

Бұған дейін қазақстандық теннисшілер Қытай Тайбэйін 2:1 есебімен жеңген болатын.

Сағадат Аяптың шәкірттері енді финалда Жапония құрамасына қарсы бақ сынайды.