Астанада таэквондодан халықаралық турнир өтеді

Басқа
ҰОК
Астанада таэквондодан Kazakhstan Open G-1 ірі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Бұл спорттық шара Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген және биылғы 14–16 тамыз аралығында өтеді.
Үш күн бойы даянгта әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік кадеттер, жасөспірімдер мен ересек спортшылар бақ сынайды.
Турнир өтетін орын – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені.