Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты UFC-дегі титулдық жекпе-жек кезегінде ығыстырды

Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты UFC-дегі титулдық жекпе-жек кезегінде ығыстырды
Жекпе-жек

Instagram

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы ирландиялық файтері Иэн Гэрри (16-1) бразилиялық Карлос Пратесті (21-7) жеңгеннен кейінгі эмоцияларымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Мен бұл спорттың ең тартымды файтерлерінің бірі екенімді дәлелдеуді мақсат етемін. Менің қанымда Ирландияның рухы бар. Шавкатпен 21 күндік дайындықпен шықтым, ал бұл жолы небәрі 25 күнде дайындалып, мынадай қарсыласты жеңдім. Енді екі аптадан кейін Канадаға ұшып барамын және титулдық жекпе-жекке ресми резерв ретінде тіркелемін», – деп келтірді Гэрридің сөзін “Ночь в клетке” телеграм-арнасы.

Айта кетейік, 27 жастағы Иэн Гэрри былтыр желтоқсанда Шавкат Рахмоновтан (19-0) жеңілген болатын. Бұл жолы ол Карлос Пратесті төрешілер шешімімен жеңіп, қайта жеңіс жолына оралды.

Еске сала кетсек, 11 мамыр күні өтетін UFC 315 турнирінде жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мұхаммед (24-3-0-1) австралиялық Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы белбеуін алғаш рет қорғайды.