Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатын сенсациялық жеңіспен бастады

Хоккей
ҚХФ
2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Норвегияны 2:1 есебімен жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бірінші кезеңде қарсыластар басымдық танытып, норвегиялық Йоханнес Йоханнесен есеп ашты. Алайда екінші кезеңде артық құрамда ойнаған қазақстандықтар есепті теңестірді. Шайбаны Роман Старченко соқты.
Жеңісті шайба үшінші кезеңде тіркелді. Владимир Волков мергендік танытып, Қазақстанға маңызды үш ұпай сыйлады.
Енді Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші ойынын Германияға қарсы өткізеді. Кездесу 8 мамыр күні Астана уақытымен 19:20-да басталады.