UFC 317: Илия Топурияның жеңісі үшін алған толық гонорары жарияланды

Sportnews.kz
Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 317 турнирінен кейін промоушн баспасөз қызметі жарысқа қатысқан спортшылардың гонорарын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Турнирдің басты жекпе-жегі — жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін өткен Илия Топурия мен Чарльз Оливейра арасындағы кездесу болды. Испания атынан шығатын грузин файтері Топурия бірінші раундта ауыр нокаутпен жеңіске жетіп, чемпион атанды.
UFC 317 турниріндегі негізгі гонорарлар:
• Илия Топурия — 3 540 000 АҚШ доллары
• Александр Пантожа — 1 740 000 $
• Чарльз Оливейра — 1 320 000 $
• Кай Кара-Франс — 932 000 $
• Бенеил Дариуш — 296 000 $
• Нико Прайс — 271 000 $
• Ренато Мойкано — 271 000 $
• Грегори Родригес — 261 000 $
• Джошуа Ван — 230 000 $
• Джек Херманссон — 216 000 $
• Терренс Маккинни — 210 000 $
• Вячеслав Борщёв — 91 000 $
Естеріңізге сала кетейік, Илия Топурия осы жеңісімен UFC тарихында екі салмақта титул иеленіп, бірде-бір рет жеңілмеген алғашқы файтер атанды.