Илия Топурия Ислам Махачевті басып озып, P4P рейтингінің көшін бастады

 Илия Топурия Ислам Махачевті басып озып, P4P рейтингінің көшін бастады
Жекпе-жек

Ulyssport.kz

Өткен демалыс күндері Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 317 турнирінен кейін ұйымның жаңартылған Pound-for-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлер) рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жеңіл салмақта (70 кг) жаңа чемпион атанған испаниялық-грузин файтері Илия Топурия ұйымның жалпы рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Осылайша ол ресейлік Ислам Махачевті төмен ығыстырып, UFC-дегі ең үздік файтер атанды.

Жаңартылған UFC Pound-for-Pound рейтингі:

1. Илия Топурия (Грузия)

2. Ислам Махачев (Ресей)

3. Мераб Двалишвили (Грузия)

4. Дрикус Дю Плесси (ОАР)

5. Александр Пантожа (Бразилия)

6. Александр Волкановски (Аустралия)

7. Магомед Анкалаев (Ресей)

8. Джек Делла Маддалена (Аустралия)

9. Том Аспиналл (Ұлыбритания)

10. Алекс Перейра (Бразилия)

Топурия UFC 317 турнирінде Чарльз Оливейраны бірінші раундта ауыр нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын. Бұл жеңіс оның кәсіби мансабындағы 17-жеңісі және UFC-дегі беделін одан әрі арттырды.