Илия Топурия UFC-де қазақ файтерімен жекпе-жектен бас тартты

Жекпе-жек
Sovsport
Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC-дегі мансабы кезінде қазіргі UFC жартылай жеңіл салмақтағы (featherweight, 66 кг) чемпионы Илия Топуриямен жекпе-жек өткізуге өте жақын болғанын айтты. Бұл туралы Bassport.kz Betonmobile порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Исмағұловтың айтуынша, бірнеше жыл бұрын UFC матчмейкері Шон Шелби оған Топуриямен кездесуді ұсынған. Дамир бірден келіскен, алайда қарсылас тарап бұл ұсынысты қабылдамаған.
— Бір-екі жыл бұрын UFC-дегі кезекті жекпе-жегіме дайындалып жатқан едім. Сол кезде менеджерім Саят Шон Шелбидің маған Топурияны қарсылас ретінде таңдағанын айтты. Мен келістім. Кейін Топурия салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай қалғанын білдім. Соған қарамастан, мен жекпе-жекке дайын екенімді жеткіздім. Бірақ Топурияның командасы кездесуден бас тартты. Ақыры маған қарсылас ретінде Гурам Кутателадзе берілді. Шыны керек, Топурия мен үшін ыңғайлы қарсылас болар еді, — деді Исмағұлов.
Айта кетейік, Дамир Исмағұлов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, олардың бесеуінде жеңіске жеткен. Тек Арман Царукян мен Грант Доусоннан жеңіліп, кейіннен ұйымнан кеткен.