Асу Алмабаев рейтингте төмендеді – себебі белгілі

NUR.KZ
UFC ұйымының 317-нөмірлі турнирінен кейін жеңіл салмақ дәрежесінде (57 кг дейін) рейтингтік өзгерістер болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл дивизионда Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді — Асу Алмабаев пен Азат Максум. Алайда әзірге Максум UFC рейтинг тізіміне енген жоқ.
Ал Асу Алмабаев соңғы кездесуінен кейін 8-орында тұрған болатын. Бірақ жаңартылған рейтингте ол 9-орынға түсіп қалды.
Бұған басты себеп — Джошуа Ванның сенсациялық жеңісі. Америкалық файтер UFC 317 турнирінде екінші нөмірлі Брэндон Ройвалды жеңіп, рейтингте 11-орыннан бірден 1-орынға көтерілді. Бұл өзгеріс өз кезегінде басқа спортшылардың да бір саты төмен түсуіне себеп болды.
Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы екі кездесуінде де жеңіске жетіп, әлемдік промоушенде жақсы нәтиже көрсетіп келеді.