Қазақстан бокстан әлем кубогының алғашқы күнінде екі құрамадан жеңіліп қалды

Бокс
Kazinform
Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының алғашқы күні аяқталып, World Boxing ұйымының ресми сайты жарыс қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстандық боксшылар алғашқы күні төрт жеңіске қол жеткізсе, ең сәтті нәтиже көрсеткен құрамалар — Франция мен Үндістан. Бұл елдердің өкілдері бес-бес жеңіске жетіп, көш басында тұр.
Сондай-ақ Моңғолия, Бразилия және Англия құрамалары да жарысты сәтті бастап, алғашқы күннің қорытындысы бойынша екі жеңістен еншіледі.
Барлығы 33 жекпе-жек өткен алғашқы күні 20 елдің спортшылары кем дегенде бір жеңіске жетті. Айта кетейік, жарысқа олимпиадалық ережемен өнер көрсететін әлемдік деңгейдегі боксшылар қатысуда. Турнир 6 шілдеге дейін жалғасады.