Қазақстандық боксшылар World Boxing Cup турнирінде сәтті өнер көрсетті: Екінші күннің нәтижесі

Қазақстандық боксшылар World Boxing Cup турнирінде сәтті өнер көрсетті: Екінші күннің нәтижесі
Бокс

NUR.KZ

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан өтіп жатқан World Boxing Cup турнирінің кезекті күні ұлттық құрамамыз үшін сәтті өтті.

Күндізгі сессия нәтижелері:

54 кг: Әнел Сақыш (Қазақстан) – Феруза Казакова (Өзбекстан)

55 кг: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Жаеонг Шин (Оңтүстік Корея)

80 кг: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Мурад Аллахвердиев (Әзірбайжан)

Кешкі сессия нәтижелері:

75 кг: Надежда Рябец (Қазақстан) – Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия)

60 кг: Серік Теміржанов (Қазақстан) – Джейкоб Кассар (Аустралия)

90+ кг: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)

Барлық кездесулер «Qazsport» телеарнасы мен оның YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.

Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтуде. Кіру тегін.

Қазақстандық боксшылар жарыстың келесі кезеңдерінде де ел намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз.