Төрехан Сабырхан не себепті Әлем кубогіне қатыспағанын айтты

Төрехан Сабырхан не себепті Әлем кубогіне қатыспағанын айтты
Бокс

ҚБФ

Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының қатысушылары тізімінен не себепті тыс қалғанын түсіндірлі. Бұл туралы Bassport.kz «Спорт Министрі» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

— Бұл салмақ дәрежесінде Абылайханның тәжірибесі көбірек. Сондықтан бапкерлер осы турнирде оны шығаруды жөн көрді. Әрине, бапкер шешімі - біз үшін заң. Қазіргі таңда мен өз салмағымда Қазақстан құрамасындағы екінші нөмірлі боксшымын, — деді Сабырхан.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан - әуесқой бокста Азия біріншілігінің тарихындағы тұңғыш төрт дүркін чемпионы (жасөспірімдер мен жастар арасында). Ересектер қатарына өткен соң, 2025 жылы Болгарияда өткен «Странджа кубогында» және Бангкоктағы Thailand Open турнирінде топ жарды. Сонымен қатар, кәсіпқой бокста да алғашқы кездесуін өткізіп үлгерген.