"Нью-Йорк" жанкүйері ҰБҚ плей-офф матчына Рим Папасы образында келді (ФОТО)

Баскетбол

Maddie Meyer/Getty Images

Ұлттық баскетбол қауымдастығының (НБА) «Нью-Йорк Никс» командасының жанкүйері плей-оффтың екінші кезеңіндегі үшінші матчқа қатысып, ойынға Рим Папасының бейнесінде келген, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Бұл матч Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтті және алаң иелерінің 93:115 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Бұған дейін Вилланова университетінің өкілі, дін қызметкері Роберт П. Хейган жуырда Папа болып сайланған Роберт Фрэнсис Превоның НБА-ның «Нью-Йорк Никс» командасын және өзі түлегі болып табылатын Вилланова университетінің баскетбол командасын қолдап жүргенін айтқан болатын.

Плей-оффтың екінші кезеңіндегі үш матчтан кейінгі серия есебі — «Никс» пен «Селтикс» арасында 2:1, Нью-Йорк командасының пайдасына шешілді.