Grand Slam турнирінен Қазақ еліне тағы екі жүлде келді

Дзюдо
Сали Сабиров/Қазақстан Дзюдо Федерациясы
Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас - қола жүлделерге ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Қазақстан Дзюдо Федерациясына сілтеме жасай отырып.
Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі спортшымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Бүгін 19 жасар жарыс дебютанты Бақжан Байтас тәжікстандық Мухсин Малаев, өзбекстандық Мухаммадсодик Содиков, италиялық Энрико Бергамелли сынды азулы қарсыластарын жеңіп шығып, жүлделі орыннан көрінді.
Марат Байқамұров шешуші белдесуде ливандық Карамноб Сагаиповты иппонмен сенімді түрде жеңіп, мансабындағы бірінші Grand Slam жүлдесін еншіледі.