Мбаппе Эль-Класикода Месси мен Суарестің рекордын қайталады

Футбол
Sportbox
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе Ла лигада «Барселонаға» қарсы өткен Эль-Класико матчында хет-трик авторы атанып, ХХІ ғасырда мұндай жетістікке жеткен үшінші футболшы болды.
Француз форвардтан бұрын тек Лионель Месси (екі рет) мен Луис Суарес каталондық клубтың басты қарсыласына үш гол соға алған еді. Алайда, Мбаппенің ерлігіне қарамастан, «Реал» бұл ойында 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Эль-Класикода «Реал» сапындағы соңғы хет-трик 1995 жылы Иван Самораноның еншісінде болған.
Биылғы маусымда Ла Лигада Мбаппе 31 матч өткізіп, 27 гол және 3 нәтижелі пас берген. Ал «Барселона» 82 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады.