Флик “Реалға” қарсы матч жайлы: «Класиконы жеңуді ойыншылар әрқашан қалайды, турнирлік кестенің мәні жоқ»

Матч ТВ
Ханс-Дитер Флик алдағы класико жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Милан қаласындағы «Интерден» жеңілгеннен кейін жағдайымыз жаман емес. Мұның оңай емес екенін бәрі біледі, бірақ біз дұрыс әрекет етіп жатырмыз және не істегіміз келетінін ашық айтып жүрміз. Алда төрт матч бар, оның ішінде класико өте маңызды. Ең бастысы – не көрсеткіміз келетінін нақты білу.
Мен Левандовски мен Бальдені бастапқы құрамда ойната аламын деп ойламаймын. Жерар Мартин мен басқа да ойыншылар өздерін жақсы көрсетіп жүр. Бұл кездесуден кейін бізде тағы үш ойын болады. Мүмкін, олар екінші таймда бірнеше минут алаңға шығатын болар.
Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейінгі ойыншылардың сезімі жайлы да сөйлестік. Мұндай нәрселер туралы ашық айту маңызды. Класико секілді ойында 100 пайыз күш салу керек. Біз белсенді болып, ойынды бақылағымыз келеді. «Мадрид» — керемет команда, бірақ біз өз алаңымызда ойнаймыз, жанкүйерлеріміз бізді қолдайды, бұл – өте жақсы.
Егер сіз ойыншылардан сұрасаңыз, олар әрқашан класиконы жеңуді қалайды. Турнирлік кестенің еш маңызы жоқ. Біз тек осы ойынға назар аударып отырмыз, бар күшімізді саламыз», – деді «Барселонаның» бас бапкері.
«Барселона» Ла Лиганың 35-турында «Реалды» қабылдайды. Матч 11 мамыр күні, Астана уақытымен 19:15-те басталады.