Англияда жылдың үздік ойыншысы анықталды

Футбол
Soccer
“Ливерпуль” клубының жұлдызы Мохамед Салах Англиядағы жылдың үздік футболшысы атанып, Ассоциация футбол журналистері (FWA) нұсқасы бойынша марапатқа ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.
Египеттік шабуылшы дауыс беруде 90 пайыздық көрсеткішке жетіп, қарсыластарын басып озды. Осылайша Салах бұл марапатты үшінші рет еншілеп отыр. Оған дейін дәл осындай жетістікке тек Тьерри Анри ғана қол жеткізген еді. Бұған дейін Салах бұл атақты 2018 және 2022 жылдары жеңіп алған болатын.
32 жастағы футболшы 2024/25 жылғы маусымда керемет нәтиже көрсетті: АПЛ-де 35 матчқа қатысып, 28 гол мен 18 нәтижелі пас берді. Оның ойыны “Ливерпульдің” Премьер-лигадағы жиырмасыншы чемпиондығын жеңіп алуында шешуші рөл атқарды.