Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатында тағы да алтын медаль еншіледі

Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатында тағы да алтын медаль еншіледі
Басқа

Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы үш медаль жеңіп алып, жалпы жүлде санын 12-ге жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Әйелдер құрамасы байдаркамен 500 метр қашықтықта қарсылас шақ келтірмей, алтын медальға қол жеткізді. Қытай екінші, Жапония үшінші орынды еншіледі.

Каноэде 200 метрге жарыста әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктор Степанов күміс медаль иеленді. Жарыс жеңімпазы – Қытайдан Ю Ебин, ал жапон спортшысы Рио Наганума үшінші орынға тұрақтады.

Байдаркада сынға түскен Ольга Шмелёва да 200 метр қашықтықта қола медаль жеңіп, Наньчандағы жүлделер санын 3 алтын, 2 қолаға жеткізді.

Сондай-ақ Анастасия Березовская 500 метрге жарыста финалда бесінші орын алса, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы 9-орынға табан тіреді.

Қазіргі есеп бойынша, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен Азия чемпионатында үздіктер қатарында келеді.