Роналду мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды

Роналду мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
Футбол

Calciomercato

«Аль-Наср» клубының жұлдызы Криштиану Роналду Лиссабонның «Спортингіне» оралу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Bassport.kz.

beIN Sports-тың мәліметінше, португалиялық шабуылшы команданы ауыстыруы ықтимал Виктор Дьёкерештің орнын басуы мүмкін. Қазіргі уақытта швед футболшысына бірқатар беделді клубтар қызығушылық танытып отыр.

Сауд Арабиясында бір маусымда 33 гол соққанына қарамастан, Роналду тек бір ғана трофейге қол жеткізген еді. «Аль-Наср» бұл маусымда Сауд Лигасының чемпиондығынан үміт үзді.

Transfermarkt порталының дерегінше, 39 жастағы футболшының қазіргі нарықтық құны – 12 миллион еуро.