Йосихито Нисиока: Бірнеше жыл бұрын италияндық жанкүйерлер «алға, Суши» деп айқайлаған

Теннис
Йосихито Нисиока
Дүниежүзілік рейтингте 74-орында тұрған жапон теннисшісі Ёсихито Нисиока Римдегі (Италия) топырақ жабындысындағы «Мастерс» турнирінде жанкүйерлердің өзін ұстау мәдениетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Әлеуметтік желідегі жазбасында Нисиока үшінші айналымда Якуб Меншик пен Фабиан Марожан арасындағы матч кезінде орын алған оқиғаға реакция білдірді. Көрермендер чех спортшыны балағаттап, ол ойынды тоқтатып, трибунадағы жанкүйерлермен сөйлесуге мәжбүр болды.
«Мен мұндай жағдайларды Римде бірнеше рет көрдім. Бірнеше жыл бұрын Сонегоға қарсы ойнағанымда, италиялық жанкүйерлер маған «алға, Суши» деп айқайлады. Ал биыл біреу гейм арасындағы үзілісте «жарайсың, Қытай» деп шақырды. Мұны аз ғана адам істейді деп білемін, бірақ Римде мұндай жағдайлар жиі қайталанып тұрады», – деп жазды Нисиока.