Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде мықты қарсыласқа тап болды

Теннис
ҚТФ баспасөз-қызметі
Bassport.kz сайты ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Билли Джин Кинг кубогының командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Қазақстан құрамасы 1/4 финалда АҚШ құрамасына қарсы ойнайды. Жартылай финалда бұл жұптың жеңімпазы Жапония мен Ұлыбритания арасындағы кездесудің үздік командасымен кездеседі.
Сондай-ақ, 1/4 финал сатысында Украина Испаниямен, ал Италия Қытаймен ойнайды.
Командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.