Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды
Бокс
Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов

Қазақстандық UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров спортшының октагонға қашан оралатынын айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz Bookmaker-ratings.ru сайтына сілтеме жасап.

Жаттықтырушының айтуынша, Рахмоновтың октагонға қайта оралуы биылғы жылдың күзінің соңына немесе желтоқсан айына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта спортшы тізесіне жасалған операциядан кейін қалпына келу кезеңінде.

«Шавкатқа тізесіне ота жасалды. Қалпына келу үшін оған екі-үш ай қажет, содан кейін қайта ораламыз. Күздің соңында немесе желтоқсанда жекпе-жекке шыққымыз келеді», — деп келтіреді Базровтың сөзін «Спорт Шредингера» телеграм-арнасы.

30 жастағы Рахмонов ММА-де 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін ол 7 желтоқсанда UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңді.