Күрес федерациясының вице-президенті: Осы жарыстан топ жарғандар әлем чемпионатына жолдама алады

Күрес
Бүгін елімізде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Ауқымды турнирге еліміздің барлық облыстарынан мыңға жуық балуан қатысуда.
Аталмыш жарыс туралы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов Bassport.kz тілшісіне пікір білдірді.
— Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Мыңға жуық балуандар күресуде. Барлық облыстарымыздың балуандары қатысуда. Әлемдік, халықаралық додаларда топ жарып жүрген балуандар да бар. Осы жарыстан топ жарғандар қыркүйек айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады, — деді федерация өкілі.
Айта кетейік, Қазақстан Кубогы - балуандар үшін маңызды іріктеу кезеңдерінің бірі. Бұл додада жеңіске жеткен спортшылар алдағы халықаралық ареналарда ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.