Әлішер Ерғали: Басты мақсатым - әлем чемпионы болу

Күрес
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық еркін күрес шебері Әлішер Ерғали мансабындағы басты мақсатын атады. Спортшы бұл туралы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Кубогы аясында Bassport.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
— Барлық қарсылас оңай болған жоқ. Әрқайсысына жеке дайындалдым. Алдымда тұрған басты меже - әлем чемпионатына барып, медаль жеңіп алу. Сол үшін бар күш-жігерімді саламын. Басты мақсатым – әлем чемпионы болу, — деді Әлішер Ерғали.
Айта кетейік, бүгін елімізде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Бұл турнир алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын ұлттық құраманың негізгі сапын жасақтауға бағытталған.