«Ойыншылардың көкірек камералары, төрешінің көзімен түсіру». ФИФА клубтық әлем чемпионатындағы жаңалықтар туралы айтты

«Ойыншылардың көкірек камералары, төрешінің көзімен түсіру». ФИФА клубтық әлем чемпионатындағы жаңалықтар туралы айтты
Футбол

Getty Images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) АҚШ-та өтетін алдағы клубтық әлем чемпионатында қолданылатын жаңа технологияларды жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Турнир 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді, оған алты құрлықтық конфедерациядан 32 клуб қатысады.

• Чемпионатта офсайды анықтауға арналған жартылай автоматтандырылған технологияның жетілдірілген нұсқасы енгізіледі. 

• Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) мақұлдағаннан кейін төрешілер матчтарда көкірекке тағылатын арнайы камераларды киеді. Бұл камералардан түсірілген бейнежазбалар клубтық әлем чемпионатының эксклюзивті ғаламдық трансляторы арқылы матч барысында тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл тесттің басты мақсаты – төрешінің көзімен берілген кадрлар теледидар мен интернет арқылы матчты көріп отырған көрермендердің әсерін жақсарта ала ма, соны зерттеу.

• Төрешінің көзімен түсірілген кадрлар стадиондардағы үлкен экрандарда тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл жанкүйерлерге төрешілердің шешім қабылдау үдерісін жақсырақ түсінуге көмектесіп, ашықтықты арттырады.

• ФИФА тарихында алғаш рет ірі турнирде жасанды интеллект негізіндегі алгоритмдер нақты уақытта ойын оқиғаларын автоматты түрде тіркеу үшін қолданылады.

• Сондай-ақ, ойыншыларды ауыстыру процесін оңтайландыру мақсатында дәстүрлі қағаз және қолмен басқарылатын тақталардың орнына арнайы планшеттер енгізіледі. Әр команда матч басталар алдында цифрлық түрде ауыстыру сұраныстарын басқаруға арналған планшетпен қамтамасыз етіледі.