Нариман Құрбанов спорттық гиманстикадан Азия чемпионы атанды

Нариман Құрбанов спорттық гиманстикадан Азия чемпионы атанды
Басқа

ҰОК

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығу бойынша финалда ең үздік нәтиже көрсетіп, төрешілерден 14.933 ұпай алып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Күміс жүлде 14.633 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Вун Хурға бұйырса, қола медальді 14.233 ұпай еншілеген вьетнамдық Дан Нгок Тхен жеңіп алды.

Қазақстандық тағы бір гимнасшы Ілияс Әзізов 13.933 ұпаймен финалды бесінші орынмен аяқтады.