Қазақстандық теннисші Испаниядағы жеңісі туралы пікір білдірді

Теннис
Ktf.kz
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияда өткен ITF W35 турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Осы аптада Испанияда титул жеңіп алдым. Аптап ыстыққа шыдадым, бірнеше матчты жеңіп шықтым және қалай екені белгісіз, бірақ еріп кетпедім», — деп жазды Дияс өз Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, финалда Зарина италиялық Дилетта Черубиниді 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңген болатын.