2028 жылы бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 25 миллион долларға жетеді

2028 жылы бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 25 миллион долларға жетеді
Бокс

Матч ТВ

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев әуесқой бокстағы жаңа реформалар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, 2028 жылы өтетін әлем чемпионатында спортшылар үшін рекордтық көлемде сыйақы қарастырылмақ.

Қазіргі таңда әлем чемпионатының жүлде қоры шамамен 5 миллион долларды (2,59 миллиард теңге) құрайды. Алайда үш жылдан кейін бұл көрсеткіш 25 миллион долларға (12,98 миллиард теңге) дейін өседі.

– 2028 жылы әлем чемпионаты үш жылда бір рет өтетін болады. Спортшылар бұл турнирді асыға күтетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Жеңімпаз 1 миллион доллар алады. Төртінші-бесінші орын иелеріне де қаржылай сыйақы беріледі. Біз спортшылардың еңбегін бағалауымыз қажет. Қазіргі заманда ақша – кез келген саланың қозғалтқышы, – деді Кремлев.

Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионаттарында үнемі жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін ескерсек, алдағы жарыстарда миллион долларлық жүлдені иеленуге лайықты үміткерлер қатарында болатыны сөзсіз. Бұл өзгерістер отандық спортшылар үшін де үлкен мотивация болары анық.