Сағындық Тоғамбай АҚШ-тың алты дүркін чемпионын ойсырата жеңіп, шаршы алаңда шоу көрсетті (ВИДЕО)

Сағындық Тоғамбай АҚШ-тың алты дүркін чемпионын ойсырата жеңіп, шаршы алаңда шоу көрсетті (ВИДЕО)
Бокс

ҚБФ

Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай америкалық қарсыласы Малачи Джорджесті сенімді түрде жеңді.

Жекпе-жек соңында жеңістің өз пайдасына шешілетініне көз жеткізген Тоғамбай көрермендер алдында ерекше шоу ұйымдастырып, шаршы алаңда өз үстемдігін әртістік мәнермен көрсетті. Тіпті, америкалық боксшының өзі оның бұл әрекетіне құрметпен қараған.

Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Сағындық Тоғамбайдың жеңісін тіркеді. Осылайша ол турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Айта кетейік, оның қарсыласы Малачи Джорджес - АҚШ-тың алты дүркін чемпионы, яғни титулды және тәжірибелі спортшы саналады.