“Ливерпуль” шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты

“Ливерпуль” шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты
Футбол

Sport5.by

Футбол әлемі ауыр қазаға ұшырады. “Ливерпуль” клубының шабуылшысы Диогу Жота Испанияның Самора провинциясында болған жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды. Жол апаты кезінде көлік тізгінінде Жота ағасы Андремен бірге отырған. Автокөлік жолдан шығып кетіп, жанып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жалын жақын маңдағы нысандарға да таралған.

Қайғылы жағдай футболшының үйлену тойынан небәрі он күн өткен соң орын алды. 28 жастағы португалиялық футболшы 2020 жылы “Вулверхэмптоннан” “Ливерпульге” ауысқан болатын. Англиялық клуб сапында ол 182 матч өткізіп, 65 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.

2024/25 жылғы маусымда Жота “Ливерпульмен” Англия Премьер-лигасының чемпионы атанып, Португалия құрамасымен қатарынан екінші рет Ұлттар лигасында жеңіске жеткен еді.

Диогу Жота – өз ісіне адал, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған футболшы ретінде есте қалады.