“Реалда” жаңа дәуір: Хаби Алонсо Карвахальмен қоштасуға дайын

“Реалда” жаңа дәуір: Хаби Алонсо Карвахальмен қоштасуға дайын
Футбол

Динамо Киев от Шурика

Мадридтік «Реалдың» көпжылдық қорғаушысы Дани Карвахаль командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Реалдың» тізгінін ұстаған Хаби Алонсо жаңа тәртіп пен заманауи футбол талаптарын алға қойып отыр. Ол құрамда тек жылдам, жас және қазіргі футбол стиліне сай келетін ойыншылар болуын қалайды. Осы талаптарға Дани Карвахаль сай келмеді. Қорғаушы маусым алдындағы ойындардың бірде-біріне қатыспады және бапкерлік штабтың жоспарына енбей қалды.

Оң қапталдағы қорғаушы позициясында енді ағылшын футболшысы Трент Александер-Арнольд негізгі ойыншы атанды. Ол жылдамдығымен, техникасымен және шабуылға қосылу қабілетімен Алонсоның схемасына мінсіз сай келді. Бұл көрсеткіштер бойынша Карвахаль айқын түрде артта қалып отыр.

Don Balon мәліметінше, клуб Карвахальдің трансферіне қарсы емес және бірнеше командамен келіссөз жүргізіп жатыр. Футболшыға тікелей айтылған: жаңа маусымда ойын уақыты болмайды, сондықтан ең тиімді шешім – басқа команда іздеу.

Айта кетерлігі, бұған дейін Карвахаль Лука Модричтің ізбасары ретінде капитандыққа басты үміткер саналатын. Алайда Хаби Алонсоның қатаң реформалары бұл жоспарды жүзеге асырмай тастады – енді ардагер ойыншылар да командадан кетуі мүмкін.