Тағы бір 16 жастағы футболшы ҚПЛ клубының негізгі құрамына қосылды

Футбол
ЦСКАНЬЮС
Алматылық «Қайраттың» 16 жастағы ойыншысы Дәулет Орынбасар Қазақстан Премьер-лигасының 15-турында «Тұранға» қарсы матчтың негізгі құрамына енгізілді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Match KZ мәліметінше, жас шабуылшы қазіргі таңда командамен бірге матчқа дайындық жүргізіп жатыр. Биылғы маусымда QJ League аясында 8 ойын өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Айта кетерлігі, Орынбасардың ойынына Ресейдің «Зенит» пен ЦСКА клубтарының скауттары қызығушылық танытып отыр.
Дәулет Орынбасар — Қазақстан жасөспірімдер құрамасының да мүшесі.