Виктория Графеева нокдаундармен өткен шайқаста жартылай финалға жолдама алды

Виктория Графеева нокдаундармен өткен шайқаста жартылай финалға жолдама алды
Бокс

El.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing кубогының ширек финалында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Виктория Графеева жарқын жеңіске жетті.

Ол Түркия елінің өкілі Гизем Озермен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауызды шешімімен (3:0) жеңіске жетті. Жекпе-жек аса тартысты өтті: екінші раундта Викторияға бір нокдаун тіркелсе, үшінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. 

Осылайша, Графеева жарыстың жартылай финалына өтіп, кемінде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті. Айта кетейік, ол турнирді жапон боксшысы Аяка Тагучиге қарсы сенімді жеңіспен бастаған болатын.

Виктория Графеева – 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.