World Boxing Cup – Астана 2025: Қазақстан құрамасының үшінші күндегі нәтижелері

Sports24.kz
Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing кубогының үшінші күнінде Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы шаршы алаңға шықты. 2 шілде күнгі кездесулерде отандық боксшылар жеңісті нәтижелер көрсетіп, бірнеше маңызды жекпе-жекте үстем түсті. Дегенмен, бір боксшымыз қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтады.
Ерлер арасындағы нәтижелер:
• 50 кг: Санжар Тәшкенбай – Содаи Кото (Жапония)
Жеңіс Тәшкенбайда (төрешілердің бірауызды шешімімен)
• 65 кг: Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекел (Түркия)
Жеңіс Зейнуллиновте (төрешілердің бірауызды шешімімен)
• 85 кг: Бекзад Нұрдәулетов – Лаклан Лоусон (Аустралия)
Жеңіс Нұрдәулетовте (төрешілердің бірауызды шешімімен)
• 90 кг: Сағындық Тоғамбай – Малачи Джорджес (АҚШ)
Жеңіс Тоғамбайда (төрешілердің бірауызды шешімімен)
Әйелдер арасындағы нәтижелер:
• 48 кг: Назым Қызайбай – Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
Жеңіс Қызайбайда (төрешілердің бірауызды шешімімен)
• 51 кг: Алуа Балқыбекова – Дженнифер Лосано (АҚШ)
Жеңіс Балқыбековада (төрешілердің бірауызды шешімімен)
• 60 кг: Виктория Графеева – Гизем Озер (Түркия)
Жеңіс Графееваның еншісінде (төрешілердің бөлінген шешімімен)
• 65 кг: Аида Әбікеева – Дион Бёрман (Англия)
Жеңіс Әбікеевада (төрешілердің бірауызды шешімімен)
• 80 кг: Гүлсая Ержан – Пуджа Рани (Үндістан)
Жеңіс Раниде (төрешілердің бөлінген шешімімен)
Қазақстандық боксшылар үшін бұл күн жемісті болды – сегіз жеңіс және бір ғана жеңіліс тіркелді. Команданың жарыстағы жолы жалғасуда.